Перизат Мырзахмет басшылық қызметке тағайындалды

Перизат Мырзахмет басшылық қызметке тағайындалды

Перизат Мырзахмет басшылық қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі

Перизат Мырзахмет «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Телехикаялар өндірісі жөніндегі департаментіне жетекшілік етеді деп хабарлады turkystan.kz.

Сценарист, продюсер Перизат Мырзахмет  «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Телехикаялар өндірісі жөніндегі департаментінің директоры қызметіне кірісті. 

Перизат Мырзахмет бұған дейін «Salem Social Media» медиакомпаниясының креативті продюсері қызметін атқарған. Отандық телеарналардағы бірқатар жобалардың сценарист, продюсері, веб-сериалдардың авторы. 

«Qazaqstan» телеарнасынан көрерменге жол тартқан «Қазақтың 100 әні», «Елім менің» сияқты ірі жобаларға атсалысқан білікті маман.

Корпорацияның Телехикаялар өндірісі жөніндегі департаменті отандық телехикаялар мен деректі фильмдерді өндіру және эфирге шығарумен айналысады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жылына жалпы саны 200-ге жуық бөлімді құрайтын 12-15 сериал, жүздеген деректі фильм өндіреді. Соңғы екі жылда қазақ тұлғаларына арналған 10 тарихи телехикая түсірді.  Тарихи сериалдар өндірісі биыл да жалғасады.