Елімізде академик-зейнеткерлерге өмір бойы 207 000 теңге төленеді
Елімізде академик-зейнеткерлерге өмір бойы 207 000 теңге төленеді
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, зейнеткерлік жасқа толған ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне ай сайынғы өмір бойы шәкіртақы мөлшері белгіленді.
Шәкіртақы мөлшері - 60 АЕК (207 000 теңге).
Шәкіртақыны үміткер академик Ұлттық ғылым академиясына құжаттарды өткізу арқылы ала алады.
Академик қайтыс болған жағдайда, хабар-ошарсыз кетсе, Ұлттық ғылым академиясының құрамынан шықса және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан жағдайда стипендияны беру тоқтатылады.