Қазақстанда ұн бағасы 35%-ға қымбаттады

Қазақстанда ұн бағасы 35%-ға қымбаттады

Қазақстанда ұн бағасы 35%-ға қымбаттады
ашық дереккөзі
Қазақстанда бір жыл ішінде ұн 35,3%-ға, макарон өнімдері мен кеспе өнімдері 26%-ға, сүт 22,6%-ға қымбаттады деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, сары май бағасы – 20,6%, қант – 19,5%, құс еті 19,4%-ға өскен. Нан – 18,6%, ірімшік пен сүзбе – 17,2%, күріш – 16,6%-ға және көк шай 13,6%-ға қымбаттады. Ет өнімдеріне келсек: сиыр етінің бағасы – 8,3%-ға, жылқы еті – 6,2%-ға, қой еті 1,4%-ға көтерілді. Айта кетейік, желтоқсанда Қазақстандағы жылдық инфляция 20,3 %-ға жеткен еді.