AMANAT партиясы балаларға қысқы демалыс ұйымдастырып берді
AMANAT партиясы балаларға қысқы демалыс ұйымдастырып берді
AMANAT партиясының Қостанай облыстық филиалы Ақмола облысының «Звездный» балаларды сауықтыру орталығында қысқы демалысын өткізіп жатқан 53 балаға партияластар атынан тәтті сыйлықтар табыс етті деп хабарлады turkystan.kz.
Партия қызметкері Болат Сұлтанов балалар мен лагерь ұжымын жаңа жылмен құттықтап, партияластардың жылы лебізін жеткізді.
«Біз партия төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың қолдауымен Екібастұз қаласынан келген балаларға арнап қысқы демалыстарды ұйымдастырудамыз. Апатты жағдай болды дегенді естігенде баршамыздың қабырғамыз қайысты. Бүгін, міне, табиғаты көркем, таза ауада демалып жатсыздар. Сіздерге ұмытылмас, жақсы демалыс тілеймін», - деді ол.
Еске сала кетейік, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды. 28 қараша күні қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Оқушылар онлайн оқуға көшірілді.