Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатының екі жолдамасын жеңіп алды

Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатының екі жолдамасын жеңіп алды

Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатының екі жолдамасын жеңіп алды
ашық дереккөзі
Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатының екі жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бұл қос жолдамаға қазақстандықтар Катарда Азияның іріктеу турнирінде ие болды. Қазақстандық үстел теннисі шеберлері Қытай, Жапония, Корея, Иран, Үндістан және Сингапур елдерінің спорт жұлдыздарымен бақ сынасты. Оңтүстік Африкада өтетін әлем чемпионатына іріктеу жарысында Кирилл Герасименко – Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжеғұлов – Зәуреш Ақашева жұптары жоғары деңгейде өнер көрсетті. Шешуші кездесуде Герасименко мен Құрманғалиев ирандықтар Нима мен Ношад Аламиянды (4:0), Кенжеғұлов пен Ақашева үндістандықтар Шарат Ачанта – Среах Акуланы (4:3) тізе бүктірді.