СҚО-да суық тиіп ауырғандардың жартысынан астамы - балалар

СҚО-да суық тиіп ауырғандардың жартысынан астамы - балалар

СҚО-да суық тиіп ауырғандардың жартысынан астамы - балалар
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында жедел респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырғандар саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артқан. Сырқаттанғандардың 65%-ы - балалар, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, өңірде эпидемиологиялық жағдай ЖРВИ мен тұмаудан сырқаттанушылықтың маусымдық өсуімен сипатталады. Десек те, облыста суық тиіп ауыр өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 1,6 есе көп. Ауырғандардың басым бөлігі – балалар. Сондай-ақ биыл тұмаумен ауырғандар саны артқан. Алғашқы жағдай қазан айының ортасында тіркелді. «Облыста барлығы В типті тұмаудың 245 және А типті тұмаудың 17 зертханалық расталған жағдайлары тіркелді. Нақтырақ айтар болсақ, «шошқа» тұмауының - 13, «гонконг» тұмауының 4 жағдайы анықталды. Ауырғандардың ешқайсысы тұмауға қарсы екпе алмаған. Науқастардың ішінде 49 жүкті әйел, бұл - 19% болса, 32% немесе 83 адам - 14 жасқа дейінгі бала», - дейді Арман Күшбасов. Тұмаумен ауырғандардың 139-ы – Петропавл тұрғыны. «Ауырмау үшін бетперде киюге, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға, жеке гигиена ережелерін сақтауға, соның ішінде қолды сабынмен жиі жууға кеңес беремін. Өйткені, тұмау вирусы ауа тамшылары арқылы ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық заттар арқылы да таралады. Сонымен қатар иммунитетті барлық қолжетімді тәсілдер - дене шынықтыру, жұмыс және демалыс режимін сақтау, толыққанды ұйқы, микроэлементтер мен дәрумендерді, әсіресе «С» дәруменін көбірек пайдаланған жөн», - дейді Арман Күшбасов.