Антикор төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
мәлім етті.
«2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жемқорлық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М. Қожабаевты ұстады.
Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 2022 жылдың 21 сәуірінде Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке 2021 жылы 2 шілдеде тағайындалды.