Алматыда тағы бір базар өртеніп жатыр

Алматыда тағы бір базар өртеніп жатыр

Алматыда тағы бір базар өртеніп жатыр
ашық дереккөзі
Алматыдағы «Арлан» базарынан өрт шықты деп хабарлады turkystan.kz. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9 қаңтар күні сағат 16:55-те өрт сөндірушілер Алатау ауданы Солтүстік айналма тасжолы, 92/7 мекенжайы бойынша жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты.
«Оқиға орнына 16 техника, 60-тан астам маман мен қалалық өзара іс-қимыл қызметі шықты. Алдын ала болжам бойынша, «Арлан» базарының 100 шаршы метр аумағында контейнерлер жанып жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге, сондай-ақ жапсарлас контейнерлерді қорғауға өрт оқпандары енгізілді. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді, нысан токтан ажыратылды», - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, екі ай бұрын Алматыда «барахолка» өртенгені туралы хабарлаған болатынбыз.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)