Партиялықтар ШҚО-дағы кәсіпорын өкілдерімен кездесті

Партиялықтар ШҚО-дағы кәсіпорын өкілдерімен кездесті

Партиялықтар ШҚО-дағы кәсіпорын өкілдерімен кездесті
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері Шығыс Қазақстан облысындағы инфрақұрылымдық нысандар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасының  орындалу барысына мониторинг жүргізді.  Мәселен, 2022 жылдан бастап «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында осы өңірдегі 40 ауылда 67 жоба іске асырылуда. Бұл тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту және т.б. жұмыстар.  width= Осы күні партиялықтар «Қазмырыш» ЖШС, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» ЖШС, «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС, «Силумин-Восток» ЖШС және «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен кездесті.
«Жұмыс барысында туындайтын мәселелер бар. Бұл өз кезегінде, қолданыстағы заңнама нормаларына, атап айтқанда Экологиялық кодекс нормаларына, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемді есептеу әдістемесіне, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жеткізіп беру мерзіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Айта кету керек, облыста өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны сақталып отыр. Былтыр қаңтар-қараша айларында 2 трлн теңгеден астам сомаға өнеркәсіп өнімі, сол кезеңде 1,8 трлн теңгенің өңдеу өнеркәсібі өнімі өндірілді. Облыс металлургтері мырыш пен өңделмеген қорғасынның тұтас республикалық көлемін өндіруде», - деді Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Әмірхан Рахымжанов.
 width= Бұдан соң, аманаттықтар Ұлан ауданының Сағыр ауылына барды. Партияның сайлауалды уәделерін орындау аясында елді мекенде су құбыры тартылды. Ол көктемде ауа райы қалпына келген кезде пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 2 мың адам таза ауыз суға қол жеткізе алады.  width= Сондай-ақ, партиялық бағдарлама шеңберінде Сағыр ауылында дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Медициналық мекеменің өз зертханасы, жедел жәрдем көлігі, дәрігерлері және орта медициналық қызметкерлері бар.