Партиялықтар ШҚО-дағы кәсіпорын өкілдерімен кездесті
Партиялықтар ШҚО-дағы кәсіпорын өкілдерімен кездесті
«AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері Шығыс Қазақстан облысындағы инфрақұрылымдық нысандар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына мониторинг жүргізді.
Мәселен, 2022 жылдан бастап «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында осы өңірдегі 40 ауылда 67 жоба іске асырылуда. Бұл тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту және т.б. жұмыстар.
Бұдан соң, аманаттықтар Ұлан ауданының Сағыр ауылына барды. Партияның сайлауалды уәделерін орындау аясында елді мекенде су құбыры тартылды. Ол көктемде ауа райы қалпына келген кезде пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 2 мың адам таза ауыз суға қол жеткізе алады.