Ақтауда цистерна жарылып, бір адам қайтыс болды
Ақтау қаласының маңында жанармай цистернасы жарылып, зардап шеккен екі адамның бірі ауруханада қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 7 қаңтар, сағат 21:00 шамасында Ақтау маңындағы «BBJ GROUP» ЖШС көлік компаниясының базасында болған.
«Науқастардың бірі қайтыс болды. 1981 жылы туған екінші жігіт ауыр жағдайда. Оның бассүйек-миы жарақаттанған, оң аяғы мен оң иығы күйген. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», – деп хабарлады аурухана қызметкерлері.
Қазіргі күні цистернаның не себепті жарылғанын жауапты органдар анықтап жатыр.