Шаруалардың мәселесі «AMANAT»-тың жанындағы комитетте талқыланды
Шаруалардың мәселесі «AMANAT»-тың жанындағы комитетте талқыланды
Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту және тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері «AMANAT» партиясы жанындағы Агроөнеркәсіптік комитеттің көшпелі отырысында талқыланды.
Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұржігіт Мырзахметов хабарлағандай, 2022 жылы 11 айда ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 996,3 млрд теңгені құрап, егіс алқабы 14,4 мың гектарға ұлғайды.
«Біздің облыс – мақта өсірілетін жалғыз аймақ. Оны одан әрі дамыту үшін инвестициялық субсидиялау бағдарламасына «Шитті мақтаны өңдеу, терең қайта өңдеу кәсіпорындарын құру және кеңейту» ұғымын енгізу, тозығы жеткен құрал-жабдықты жаңарту, салымдарды өтеу үлесін 50% субсидиялауды қарастыру қажет», – деді ол.
Сонымен қатар, шаруалар ұңғымаларға және күннен қуат алуға мүмкіндік беретін панельдерге субсидия беру, ағын су мәселесін шешу, өнімді экспорттау, жайылымдармен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар айтты.