Қоғамдық орында балағат сөз айтқандар енді қамалады

Қоғамдық орында балағат сөз айтқандар енді қамалады

Қоғамдық орында балағат сөз айтқандар енді қамалады
ашық дереккөзі
Қоғамдық орында балағат сөз айтқандар бір айға қамауға алынатын болды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті өкілі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Жаңа редакцияда қоғамдық орындарда дөрекі сөздер айту, жеке тұлғаларды балағаттау және жәбірлеу, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және басқаларға құрметсіздікті білдіретін осыған ұқсас әрекеттер жасалатын болса, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын ұсақ бұзақылық деп саналады. Қазіргі уақытта ұсақ бұзақылық үшін сот 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жаза тағайындайды. Енді айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге), қамауға алу 5 күннен 30 тәулікке дейін ұзарды», - деді А.Күрімбаев.
Айта кетейік, түзетулер 2023 жылдың наурыз айынан бастап күшіне енеді.