Алдағы үш күнде -43 градусқа дейін аяз болады

Алдағы үш күнде -43 градусқа дейін аяз болады

Алдағы үш күнде -43 градусқа дейін аяз болады
ашық дереккөзі
Солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжиды. Осыған байланысты еліміздің көп бөлігінде қатты аяз болады деп хабарлады turkystan.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады. Ауа температурасы батыста түнде 27-35, күндіз 15-25 аяз, республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23, күндіз 5-15 аяз, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 32-40 аяздан 20-30 аязға дейін, күндіз 27-35 аяздан 13-22-аязға дейін ауысады. Орталықта негізгі фон түнде 35-40, өңірдің оңтүстігінде 25-30 аяз, күндіз 20-30 аяздан 15-26 аязға дейін, шығыста ауа температурасы түнде 20-33 аяздан 30-43 аязға дейін, күндіз 15-23 аяздан 23-33 аязға дейін суытады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 аяздан 20-31 аязға дейін, күндіз 8-16 аяздан 12-23 аязға дейін төмендейді.