Жаңалықтар

Яндекс курьері 3 млн теңгенің тауарын ұрлаған – ІІМ

ашық дереккөзі

Яндекс курьері 3 млн теңгенің тауарын ұрлаған – ІІМ

Көкшетау тұрғыны Яндекс мобильді қосымшасының астаналық тұтынушыларын 3 млн 600 мың теңге шығынға ұшыратты деп хабарлады turkystan.kz. «26 жастағы күдікті тапсырыс берушіден өтінімді қабылдап, дүкенге тауар алуға барған. Бірақ клиентке жеткізбей, өзі иеленіп келген. Алданған тұрғындар курьердің телефонына хабарласа алмаған. Ол ұялы телефон, ноутбук, сымсыз құлаққап сияқты бірнеше құрылғыларды да ұрлап отырған», - деді ІІМ өкілі. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Алаяқтың мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталуы мүмкін.