Жаңалықтар

McDonald’s өзінің жаңа деңгейдегі мейрамханасын ашады

ашық дереккөзі

McDonald’s өзінің жаңа деңгейдегі мейрамханасын ашады

McDonald’s жоғары деңгейде, аса жылдам қарқынмен жұмыс істейтін тұңғыш мейрамханасын Техаста ашады. Пандемия кезінде түскі асты жұмысқа алып келуге тыйым салынды. Сондықтан McDonald’s секілді фаст-фуд желілері арқылы тапсырыс беретін, көлікпен барып алып кетуге ыңғайлы мейрамханалардың табысы артты. Клиенттері көп болды. Соның әсерінен жеткізу қызметіне жүгінетіндердің саны күрт артқан. «Клиенттердің өзара қарым-қатынасы төмендеп, цифрлы құрылғылары арқылы тапсырыс беру және оның күту уақыты көбейген», - деген еді бас директор Крис Кемпчин 2020 жылдың қарашасында инвесторлар алдында сөйлеген сөзінде. Сол кездің өзінде басшылық пандемиядан кейін клиенттердің сұранысын қанағаттандыру үшін жаңа концепция ұсынатындарын, оны тәжірибеден өткізетінін мәлімдеген болатын. Дәл қазір «болашақтың фаст-фуды» деп аталатын жоғары қарқынды қызмет көрсететін концепция Техас штатындағы Форт-Уэртқа жақын McDonald’s желісінде өз жұмысын бастады. Клиент мобильді қосымша арқылы берген тапсырысын мейрамханаға барып немесе оның дайындалуын көлік күтетін тұрақта күтпейді. Енді оны арнайы Drive-Thru Express дүкенінде, конвейерге салынған түрінде алып кете алады. Бұл жерде ешкім тапсырысты күтіп тұрмайды. Мұндағы тапсырысты жеткізу жылдамдағы бұрынғы механизмге қарағанда тез жұмыс істейді. Қызметкердің тапсырысты қабылдауы және клиентпен диалог орнату енді болмайды.