Селфиге рұқсат жоқ: Роналду Эр-Риядта қандай жағдайда тұрып жатыр?

Селфиге рұқсат жоқ: Роналду Эр-Риядта қандай жағдайда тұрып жатыр?

Селфиге рұқсат жоқ: Роналду Эр-Риядта қандай жағдайда тұрып жатыр?
ашық дереккөзі
Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасына өткеннен кейін Эр-Риядтағы элиталы қонақүйден өзі мен отбасы үшін 17 бөлме жалдады деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Ол 99 қабатты Kingdom Tower қонақүйінде тұрады. Жалға алынған екі қабаттың құны – айына 280 мың еуро. Қызметкерлерге Роналдумен селфиге түспеу өтініші айтылған, алайда футбошының өзі суретке түсуден бас тартпаған. Бұл – футболшыны артық мазаламау үшін жасалған клуб басшылығының сұранысы. Айта кетейік, 37 жастағы ойыншы «Аль-Насрмен» 2025 жылға дейін келісімшартқа отырды.