Шенеуніктен 50 млн теңге бопсалаған кәсіпкер ұсталды

Шенеуніктен 50 млн теңге бопсалаған кәсіпкер ұсталды

Шенеуніктен 50 млн теңге бопсалаған кәсіпкер ұсталды
ашық дереккөзі
Шымкентте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Түркістан облысының шенеунігінен қомақты ақша бопсалаған кәсіпкерді ұстады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Шымкент қаласы ПД-ға мемлекеттік мекемелердің бірінің басшысы жүгінді. Ер адам оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп жеке кәсіпкер 50 млн теңге бопсалап отырғанын айтты. Аталған жайтты жедел уәкілдер ҚК-нің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша тіркеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізіп, нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысқан мегаполис тұрғыны болып шықты. Алайда конкурстан жеңіліп, жәбірленушіні кінәлаған. Полицейлер кінәліні 45 миллион теңгені қолма-қол алу кезінде ұстады. Оның 40 млн теңгесі жалған ақша болды. Күдікті қамауда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.