Шенеуніктен 50 млн теңге бопсалаған кәсіпкер ұсталды

9 қаңтар, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Шенеуніктен 50 млн теңге бопсалаған кәсіпкер ұсталды Шымкентте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Түркістан облысының шенеунігінен қомақты ақша бопсалаған кәсіпкерді ұстады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Шымкент қаласы ПД-ға мемлекеттік мекемелердің бірінің басшысы жүгінді. Ер адам оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп жеке кәсіпкер 50 млн теңге бопсалап отырғанын айтты. Аталған жайтты жедел уәкілдер ҚК-нің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша тіркеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізіп, нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысқан мегаполис тұрғыны болып шықты. Алайда конкурстан жеңіліп, жәбірленушіні кінәлаған. Полицейлер кінәліні 45 миллион теңгені қолма-қол алу кезінде ұстады. Оның 40 млн теңгесі жалған ақша болды. Күдікті қамауда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.