Жастарға 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін кредит беріледі

Жастарға 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін кредит беріледі

Жастарға 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін кредит беріледі
ашық дереккөзі
Несие алушылардың жасы 21 мен 35 жас аралығында болуы қажет. Кәсіпкер немесе кәсіп бастағысы келетін жастарға конкурстық негізде микрокредит беру қағидаты бекітілді деп хабарлады turkystan.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Микрокредит алу шарттары:
  • 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар ала алады;
  • Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепіл қою қажет;
  • Несиенің номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
  • Микрокредиттерді кез келген мақсат үшін – 5 жылға дейінгі, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.
Сондай-ақ, негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайды.