Қызылордада екі күн бұрын жоғалған ер адам табылды

Қызылордада екі күн бұрын жоғалған ер адам табылды

Қызылордада екі күн бұрын жоғалған ер адам табылды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында екі күн бұрын жоғалған 61 жастағы ер азамат Шымкент қаласынан аман-есен табылды, деп хабарлады turkystan.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Биылғы 5 қаңтарда сағат 17:30 шамасында Жаңақорған кенті, З.Байзақов көшесі, №42 үйде тұратын 61 жастағы Данияр Якубов белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. «Азаматты іздеп табу мақсатында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері және еріктілерден топ құрылған. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде аталған азамат Шымкент қаласынан аман-есен табылды», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Полиция департаменті.