Жаңалықтар

Павлодар облысындағы жаңажылдық шыршаға 7,8 млн теңге бөлінген

ашық дереккөзі

Павлодар облысындағы жаңажылдық шыршаға 7,8 млн теңге бөлінген

Павлодар облысы Ақтоғай елді мекеніндегі жаңажылдық шыршаны сатып алуға 7,8 млн теңге бөлінген. Бұл туралы "Әділдік жолы" бірлестігінің директоры Дидар Смағұл Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлады turkystan.kz. Жасанды шыршаны сатып алуға және безендіруге конкурс 2022 жылғы қарашада жарияланған. Ал 2022 жылғы 9 желтоқсанда 5,5 млн теңгеге KAZSUPPLIER-2018 ЖШС жеңімпаз атаныпты. Алайда,  шарт жасасу кезінде жеңімпаздың жосықсыз қатысушылар тізімінде болғанына байланысты шарт "Айстар" ЖШС-мен 7,8 млн теңгеге жасалған. Сонымен қатар, шарт мемлекеттік сатып алу порталында 28 желтоқсанда сағат 10.31-де жасалған және екі сағаттан кейін жергілікті әкімдік орындалған жұмыстар актісіне қол қойған. Шарт жасасуға, шыршаны орнатуға және безендіруге 2 сағат қана уақыт кеткен. Оған қоса, шыршаның бағасы оның "жағдайына" сәйкес келе қоймайды. Мәселеге байланысты қоғам белсенділері сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне хат жолдайтындарын мәлімдеді.