Жанар-жағармай сатуға бақылау күшейтіледі

Жанар-жағармай сатуға бақылау күшейтіледі

Жанар-жағармай сатуға бақылау күшейтіледі
ашық дереккөзі
Үкіметте 2023 жылы ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады turkystan.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.  Жиында Энергетика министрі Болат Ақшолақов пен «ҚазМұнайГаз»-дың басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев отын қорлары, өндіріс жоспарлары және жанар-жағармай нарығындағы ахуал жайлы баяндады. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар жанармай бекеті желілерін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарын дизель отынымен қамтамасыз ету, баға белгілеу, импорт, Шымкент МӨЗ-інің қуатын ұлғайту және басқа да бірқатар мәселені талқылады.  width= Премьер-министр отынның Қазақстаннан тыс жерлерге көп мөлшерде шығарылуын тежеу үшін ішкі нарықта жанар-жағармай сатуға мониторинг пен бақылауды күшейту қажеттігін айтты. Осыған байланысты Үкімет басшысы жанар-жағармай материалдарын өткізуді есепке алу үшін станцияларды арнайы цифрлық жүйемен толық қамтуды ұйымдастыруды тапсырды.