"Роскосмос" Зимбабве және Иранмен серіктес болатынын мәлімдеді

"Роскосмос" Зимбабве және Иранмен серіктес болатынын мәлімдеді

"Роскосмос" Зимбабве және Иранмен серіктес болатынын мәлімдеді
ашық дереккөзі
Ресейлік "Роскосмос" шағын ғарыш аппараттарын жасау және ұшыру бойынша Зимбабвемен ынтымақтастық меморандумына қол қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz ресми дереккөзге сілтеме жасап. 
"Зимбабве Республикасының Жоғары және кәсіптік білім, инновациялар, ғылым және технологиялық даму министрі Амон Мурвирамен келіссөз жүргізілді, нәтижесінде білім беру және байланыс мақсатындағы шағын ғарыш аппараттарын жасау және ұшыру саласындағы одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", — деп жазылған Ресейдің 2022 жылғы Халықаралық ғарыш ынтымақтастығының қорытындылары туралы хабарламада.
Ресми мәліметке сүйенсек, келісімдер өткен жылдың 24 қарашасында бекітілген. Одан бөлек, "Роскосмос" Зимбабвемен ғана емес, Иранмен де келіссөз жүргізіп, меморандумға қол қойған.