Боранда азық-түліксіз қалған 2 жаттықтырушы мен 8 бала құтқарылды

Боранда азық-түліксіз қалған 2 жаттықтырушы мен 8 бала құтқарылды

Боранда азық-түліксіз қалған 2 жаттықтырушы мен 8 бала құтқарылды
ашық дереккөзі

Шығыс Қазақстан облысында ТЖД құтқарушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қалаға қайта алмаған спорт клубының жаттықтырушылары мен балаларға көмектесті, - деп хабарлады turkystan.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, құтқарушыларға Глубокое ауданы Топчиха ауылындағы балаларға арналған спорт клубтарының бірінде 2 жаттықтырушы мен 8 бала қалғаны, олар ауа райы қолайсыздығынан ауылдан Өскеменге орала алмай жатқаны туралы хабар келіп түскен. Олардың азық-түлігі таусылған. Көмекке ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жол талғамайтын "ШЕРП" техникасымен келген. Құтқарушылар жаттықтырушылар мен балаларды қалаға аман-есен жеткізген. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.