Үржар ауданында жауған қардың биіктігі 2 метрге дейін жетті

Үржар ауданында жауған қардың биіктігі 2 метрге дейін жетті

Үржар ауданында жауған қардың биіктігі 2 метрге дейін жетті
ашық дереккөзі
Абай облысы Үржар ауданында жауған қардың биіктігі екі метрге жуықтаған, әлеуметтік желілерде елді мекен тұрғындары түсірген видеолар тарап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 4-5 қаңтар аралығында Үржар ауданында толассыз қар жауып, үйлер қар құрсауында қалған. Кей бейнежазбаларда жылқылардың қардан басы ғана көрінетінін байқауға болады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" бүкіл ел бойынша жауған қар қалың екенін, кей аймақтарда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескерткен еді.