Әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімі жарияланды

Әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімі жарияланды

Әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
Football-observatory.com (CIES) порталы әлемдегі ең қымбат футболшылардың жылдық рейтингісін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz Халықаралық спортты зерттеу орталығы статистикалық деректерге сүйеніп, әлем бойынша 75 лигадағы 30 мыңнан аса ойыншыны мысалға алған. Ойыншылардың трансферлік құны CIES экономикалық алгоритмі бойынша есептелген. Таңғаларлық жағдай Лионель Месси мен Криштиану Роналду бұл рейтингінің алғашқы жүздігіне де кіре алмапты. Зерттеу нәтижесі бойынша ең қымбат 10 ойыншының тізімі төмендегідей: 1. Джуд Беллингем ("Боруссия Дортмунд") - 208,2 миллион еуро; 2. Фил Фоден ("Манчестер Сити") - 200,5 миллион еуро; 3. Килиан Мбаппе (ПСЖ) - 191,7 миллион еуро; 4. Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид") - 190,5 миллион еуро; 5. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити") - 174,9 миллион еуро; 6. Педри ("Барселона") - 170,2 миллион еуро; 7. Гави ("Барселона") - 147,6 миллион еуро; 8. Джамал Мусиала ("Бавария") - 145,1 миллион еуро; 9. Йошко Гвардиол ("РБ Лейпциг") - 125,8 миллион еуро; 10. Федерико Вальверде ("Реал Мадрид") - 123,5 миллион еуро.