Отызға жуық үйректі заңсыз атқан браконьерлер ұсталды

6 қаңтар, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Отызға жуық үйректі заңсыз атқан браконьерлер ұсталды Астанада үйрек атқан браконьер ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне сілтеме жасап. 5 қаңтар күні Instagram әлеуметтік желісінде астаналық жылу электр орталығы маңындағы су қоймасында болған браконьерлік фактісі туралы бейнежазба тараған болатын.
«Қазіргі таңда бейнежазбада көрсетілген бір адам ұсталды, ол - Астана қаласының тұрғыны. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған екінші адамның жеке басы анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары екі азаматқа қатысты процессуалдық шешім шығарады», - деп хабарлады комитеттен.
Еске салсақ, Ақмола облысында үйрек аулау мерзімі тамыздың соңғы сенбісі мен 30 қараша аралығында жүргізіледі.