Павлодарда Нұрлан Мәсімовке қатысты сот отырысы өтті

Павлодарда Нұрлан Мәсімовке қатысты сот отырысы өтті

Павлодарда Нұрлан Мәсімовке қатысты сот отырысы өтті
ашық дереккөзі
6 қаңтарда Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Нұрлан Мәсімовке қатысты іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі сілтеме жасады деп хабарлады turkystan.kz. Сотта Нұрлан Мәсімовтің, Дамир Сиразидимов пен Евгений Евковичтің ісі қаралды.
«Н.М.Мәсімов пен Д.Ш.Сиразидимовке Қылмыстық-процестік кодекстің 11-бабының 5-бөлігіне сәйкес аса ауыр санаттағы қылмыстарды жасады деген айып тағылды», -  делінген Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысында.
Айта кетейік, Нұрлан Мәсімовке ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігінде («Пара алу»), 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу»), 392-бабының 1-бөлігінде («Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту») көзделген айыптар тағылды. Дамир Сиразидимов те ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпталып жатыр.