Жаңалықтар

Құрамына 14 зауыт кіретін компанияның иесі «Жыл кәсіпкері» атанды

ашық дереккөзі

Құрамына 14 зауыт кіретін компанияның иесі «Жыл кәсіпкері» атанды

Әр жылдың басында Forbes Kazakhstan «Жыл кәсіпкері» номинациясы бойынша үздікті анықтайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 63 жастағы Сайдулла Қожабаев үздік шықты. Қожабаев - Alageum Electric компаниялар тобының негізін қалаушы. 2022 жылы компанияға қарасты топтардың өсімі 40% көрсеткішке жетіп, айналым 407 млн долларды құраған. Әрі посткеңестік елдер ішінде ең үлкен трансформатор жабдықтарын өндіруші орынға айналды. Компания тек ТМД елдерінде ғана емес, Еуропа нарығына да жол салды. Атап айтқанда, электр жабдықтарды енді Венгрияға жеткізеді. Alageum Electric тобына 14 ірі зауыт кіреді. Олар Қазақстанда және Қырғызстанда орналасқан. Атап айтқанда: «Кентау трансформатор зауыты», «Asia Trafo» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС, «Алматы электромеханикалық зауыт» ЖШС және т.б зауыттар кіреді. Сайдулла Қожабаев 50 бай кәсіпкердің қатарына кіреді және 50 ықпалды кәсіпкерлер қатарына да (Қазақстандағы) қосылған.