Қаңтар оқиғасына – 1 жыл

Қаңтар оқиғасына – 1 жыл

Қаңтар оқиғасына – 1 жыл
ашық дереккөзі
Қаңтар оқиғасынан бері бір жыл өтті. Бұл оқиға тәуелсіздік алғаннан кейінгі ел тарихындағы ең үлкен наразылық болды. Соңы қанды қақтығысқа ұласқан шеруде қаншама адамның өмірі қиылды. 5 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына Құран бағыштады. Сонымен қатар Мәжілісте Бас прокурор мен Ішкі істер министрі Қаңтар оқиғасына қатысты бірқатар сұраққа жауап берді.

Қаһарлы күндер

Былтыр 2 қаңтарда Жаңа­өзен­де жүз­деген адам сұйыл­­тылған газ ба­ға­сының 60 тең­геден 120 теңгеге қым­баттауына қарсы­лық біл­ді­ріп нара­зы­лыққа шық­қан еді. Кейін наразылық Маңғыстау об­лы­сының өзге өңірлерінде де жал­ғасты, ауыл-ай­мақ тұрғындары да жергілікті әкім­дік маңына, алаң­дарға жиналды. Ха­лық­тың та­лабы – газ бағасын 50 теңгеге түсіру бол­ды. Келесі күні наразылар саны үш мыңнан ас­ты. Одан бө­лек, Ақтөбе, Шымкент, Алма­ты, Аста­нада ха­лық Жаңаөзендегі нара­зылықты қолдап жинала бас­тады. 4 қаңтарда Жаңаөзендегі нара­зылыққа қол­дауға қо­сылған аймақ саны артты. По­ли­ция алаң­дарды қор­шап, бақылауды кү­шейт­ті. Маң­ғыстау облысында сұйылтыл­ған газ бағасы 50 теңгеге түсірілді, деген­мен ха­­лықтың наразылығы саяси сипат ала бас­тады. Қымбатшылық пен әлеуметтік проб­­лемалар алға шық­­ты. Осы күні Алма­ты­ның «Ала­тау» театры маңы­на жұрт жи­на­ла бас­тады. Атырау, Жаңаөзен және бас­қа қа­лаларда да нара­зылар тара­ған жоқ. Ал 5 қаңтарға қараған түні Алматыда жағ­дай ушықты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтарға қараған түні Маңғыстау об­лысы мен Алматы қаласында төтенше жағ­дай жариялады. 5 қаңтар таңертең Үкі­мет отставкаға кетті. Осы күні Алматыда атыс басталып, белгісіз адамдар тобы қала әкім­дігі ғимаратына басып кіріп, өртеді. Прокуратура ғимараты да бүлінді. Ақтөбеде де жұрт әкімдікке басып кірмек болды. Бүкіл елде төтенше жағдай жарияланды. Бел­гісіз адамдар Республика маңындағы те­леарналар орналасқан ғимаратқа да ба­сып кіріп, техникаларды бүлдірді. Алматыда сауда орындарын, банктерді тонау басталды, қалада атыс дауыстары ес­тілді. Азаттықтың дереккөздері Алматы кө­­­шесінде мәйіттер жатқанын айтты. Тал­дықорғанда әлдекімдер әкімдікті өртеді. Қы­зылордада, Шымкентте де адам шығыны бары белгілі болды. Президент шұғыл мәлімдеме жасап, ел­­ден кетпейтінін мәлімдеді, Қауіпсіздік кеңе­­сінің төрағалығын өз қолына ала­ты­нын жариялады. Содан соң ҰҚШҰ ұйы­мы­нан әскери көмек сұралды. Елде толығымен интернет өшірілді. 8 қаңтарда ҰҚК экс-басшысы Кәрім М­әсімов «мемлекетке опасыздық жасады» де­ген айыппен тергеу изоляторына қамал­ды. Осы күні Жаңаөзен және Ақтау қала­сын­да наразылар тарай бастады. Ал 9 қаңтар күні Ішкі істер министрлігі 5 969 адам ұсталғанын хабарлады. Оның ішін­де 133 адам «аса ауыр қылмыс жасады» де­ген күдікпен изоляторға қамалғаны, 516 адам әкімшілік қамауға алынғаны айтылды. 11 қаңтар күні Әлихан Смайылов Пре­мьер-Министр болып бекітілді. Президент Үкі­меттің жаңа құрамын жариялады. Со­нымен қатар «Қазақстан халқына» қоры құры­латыны мәлім болды. Келесі күні Ал­матыда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төра­ға­лығымен жедел штаб отырысы өтіп, жиын­да Алматы «террористерден толық тазар­тыл­ғаны» айтылды. Президент 13 қаңтарда елден ҰҚШҰ әскері шығарыла бастайтынын да мәлімдеді. 13 қаңтардан бастап БҚО, СҚО және Павлодар облысында төтенше жағ­дай алынды. 15 қаңтар күні Бас прокуратура қаң­тар­дағы оқиғадан кемінде 225 адам қаза бол­ғанын, 4 578 адам зардап шеккенін хабар­ла­ды. Арасында бейбіт тұрғындар да бар. Жа­раланғандар арасында 3 393 полицей мен әскер бар. Күштік құрылымдардың 19 қызметкері қаза тапқан. Дегенмен Қаңтар оқиғасына қатысты іс­тер әлі тергеліп жатыр, оқиғаға әлі саяси ба­ға берілген жоқ. Халықтың көкейінде де сұрақ көп. Бұған дейін «Жаңа Қазақстан» де­путаттық тобы Қаңтар оқиғасына қатыс­ты Бас прокурорға сауал жолдаған болатын. Кеше Мәжілісте жауаптылар бірқатар сұраққа жауап берді.

Ұйымдастырушылар төңкеріс жасауға бір жыл дайындалған

Өткен аптада Мәжіліс депутаты Еділ Жаң­быршин Қаңтар оқиғасына қатысты ха­лықтың көкейінде жүрген сұрақтарға тиіс­ті күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың басшылары Мәжіліске келіп жауап беруін талап еткен болатын. 5 қаңтар күні Парламент Мәжілісінің жал­пы отырысында «Жаңа Қазақстан» де­пу­таттық тобының Қаңтар оқиғасына қа­тыс­ты сауалына Бас прокурор Берік Асылов жауап берді. Жиын бір минут үнсіздіктен басталды. – Осыдан тура бір жыл бұрын «Қасіретті қаң­тар» оқиғасы кезінде жазықсыз жандар на­қақтан қаза болды. Бүгінгі жалпы отыры­сы­мызды қаңтар құрбандарын бір минут үн­сіз­дікпен еске алудан бастауды ұсына­мын, – деді Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қоша­нов. – Қаңтар оқиғасы бүкіл елді дүр сілкін­діріп, бәрімізге үлкен сын болды. Бүгінде қо­лымызда толық мәліметтер бар. Тергеу ор­гандары оқиға хронологиясын, негізгі ұйым­дастырушыларды анықтады. Олар­дың ішінде жоғары лауазымды адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері де болды. Барлық қаза болғандардың кім еке­нін, олардың қайтыс болу себептерін зерт­тедік. Қару-жарақты іздеу жалғасуда. Қыл­мыскерлерді жауапқа тартудамыз. Олар­дың ішінде қызмет мүддесінде опа­сыз­дық жасап, азаматтардың қауіпсіздігін қам­тамасыз етпегендер де бар. Азаптау бойын­ша істерді аяқтап жатырмыз, – деді Берік Асылов. Бас прокурор оқиға кезінде қаза тап­қан­дардың санын растады. Ведомство мәлі­метіне сәйкес, Қаңтар оқиғасы кезінде елі­міз бойынша 5 149 адам жараланып, 238 адам мерт болған. – Жаппай тәртіпсіздік барысында қаза тап­қандарға ерекше назар аудару керек. Мы­салы, объектілерді қорғау және лаңкес­тік­ке қарсы операция барысында 238 аза­мат қаза тапты, олардың 41-і бұрын соттал­ған. Бас прокуратура тергеу барысында бар­лық ақпаратты қайта тексеріп, 67 аза­мат­тың жаппай тәртіпсіздіктерге қатыс­қа­нын, 142 адам терроризмге қарсы операция ке­зінде ерекше режимді бұзғанын, 4 адам бас­қа құқықбұзушылықтар барысында қа­за тапқанын анықтады, – деді ол. Сонымен қатар Бас прокурор қаңтарда мемлекеттік төңкеріс әрекетін ұйымдас­тыр­ған қылмыскерлердің бір жыл бойы дайын­далғанын айтты. Оның сөзінше, төң­керісті ұйымдастырушылар арасында қыл­мыстық топ мүшелері, ДВК жақтау­шы­лары, діни экстремистер бар. – Мемлекеттік төңкеріске қатысты сұрақ­тар күрделі әрі оңай емес. Мемлекеттік төңкеріс жасауға оқталу болды, мұны тер­геу кезінде әбден зерделедік. Қазір бар­лы­ғын тексеріп, қарастырып жатырмыз. Төң­­­­керіске бір жыл бұрын дайындалып, бар­лығын алдын ала жоспарлаған. Ішінде қыл­мыстық топ мүшелері, діни экстре­мис­тер, бұрын сотталғандар, ДВК жақ­тау­шы­лары бар, – деді Берік Асылов.

ҰҚК департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен

Сонымен қатар Бас прокурор Ұлттық қауіп­сіздік қызметінің өз міндетін атқар­ма­ғанын айтты. – Аумақтық күштік органдар басшы­лары­ның билікті асыра пайдалануы туралы фактілерге жеке тоқталғым келеді. Жаппай тәр­тіпсіздіктер шегіне жеткен кезде Алма­ты қаласы, Алматы облысы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті де­партаменттерінің жеке құрамының бар­лығы өз ғимараттарын тастап кеткен, – деді Б.Асылов. Тергеу мәліметі бойынша 5 қаңтарда жеке құрамның ғимараттан кетуге дайын­далу керектігі жөнінде Ұлттық қауіпсіздік ко­митеті төрағасының орынбасары Сады­құлов­тан нұсқау келіп түскен. – Мәсімовтің тапсырмасы бойынша Алма­ты қаласы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департа­мент­терінің жеке құрамы жұмыс орындарын тас­тап кеткен. Сондай-ақ басшылықтың нұс­қауы бойынша Алматы және Жамбыл об­лыстарының Полиция департаменттері өз ғимараттарын тастап кеткен. Турасын айт­қанда, осы басшылар әлсіздік танытты. Бұл өз кезегінде жеке құрамның рухын тү­сірді. Соның салдарынан тәртіпсіздіктің жо­лын кесу бойынша шаралар уақытылы қа­былданбаған, – деді Бас прокурор. Cонымен қатар ол Алматы мен Тал­ды­қорған 2 күн бойы қарулы содырлардың билігінде болғанын айтты. Әлі күнге дейін 2 мыңға жуық қарудың қайда екені белгісіз. Арнайы прокурорлар билікті асыра пай­даланудың осы фактілері бойынша тергеуді аяқтаған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 3 аумақтық департаментінің экс-басшы­лары, Алматы облысы Полиция департа­мен­тінің бұрынғы бастығы және басқа адам­дарға қатысты қылмыстық істер сотқа жол­даныпты. Қазір сот талқылауы болып жа­тыр. Бас прокурор олардың кінәсінің дәре­жесі мен жаза түрін сот анықтайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар Бас прокурор «Дикий Арман» аталып кеткен Арман Жұмагел­диев­тің ҰҚҚ бұйрығы бойынша әрекет етке­нін мәлімдеді, одан бөлек әскери сотта Қор­ғаныс экс-министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдау жалғасып жатыр. Тергеуге сәйкес, ол төтенше жағдай кезеңінде заң­сыз бұйрық берген және стратегиялық ны­сандарды әскерилердің күзетінсіз қал­дырған. Мәжілісте айтылған мәліметке сүйен­сек, бұрынғы Қорғаныс министрі елі­мізде конституциялық тәртіп орнату жө­нінде шаралар қабылдамаған. Сондай-ақ ол сот Мұрат Бектановтың іс-әрекеттеріне түпкілікті баға беретінін жә­не оның жазасын анықтайтынын атап өтті.

«Мәсімов ісі аса құпия түрде тергеліп жатыр»

Берік Асылов Ұлттық қауіпсіздік коми­те­­тінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ісі туралы да айтты. – Өздеріңіз білетіндей, Ұлттық қауіп­сіз­­дік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опа­сыз­­дық жасау және басқа да аса ауыр қыл­мыс­тар туралы іс «аса құпия» режимінде тер­гелді. Материалдарды жариялауға шек­теу қойылған, өйткені оларда мемлекеттік құ­пиялар бар. Істе сыртқы саяси, қарсы бар­лау және жедел-іздестіру қызметіне қа­тыс­ты мәліметтер бар. Оларды жариялау ұлт­тық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан кел­тіруі мүмкін, – деді Берік Асылов. Бас прокурордың айтуынша, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Мәсімов пен оның бұ­рынғы орынбасары Садықұлов мемлекетке опа­сыздық жасау, билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер, лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша сотқа берілді. – Тағы бір бұрынғы орынбасары Ерғо­жин билікті күштеп басып алуға бағыт­тал­ған әрекеттер және лауазымдық өкiлет­тiк­терді асыра пайдалану бойынша айып­талу­да. Сондай-ақ бұрынғы орынбасары Оси­пов­ке және ҰҚК бөлімшелерінің басқа бас­шыларына өкiлеттiктерді асыра пай­далану айыбы тағылып отыр. Басқа ақ­парат­ты аша алмаймын. Қастандықтың нақ­ты егжей-тегжейін айтуға құқығым жоқ, – деп түйіндеді Берік Асылов.

20 мың террорист, басы кесілген адам туралы не айтылды?

Бас прокурор Қаңтар оқиғасына 20 мың террорист қатысқаны, полиция қыз­мет­­керлерінің басы кесілгені туралы ақ­парат­қа қатысты да түсініктеме берді. – Түрлі ақпарат түсіп жатты. Соның ішін­де бұлар да бар. Сол кезде қылмыс­кер­лер­дің әрекетінен шынымен де солай көрін­ді. Түрлі ақпарат болды. Соның ішінде аза­маттардан да шетел қылмыскерлері туралы, оның ішінде шет тілінде – қырғыз, өзбек, әртүрлі тілде сөйлейтіні жөнінде де ақпарат болды. Содан қоғамға шынымен де шабуыл жасаушылардың барлығы лаң­кестер сияқты көрінді. Мен сізге айтайын, тер­рористік акт жасаған адамдардың бар­лығы террорист болып саналады. Оған са­қал қойып, автоматпен жүгіру шарт емес. Тіп­ті, тергеу жүргізіп жатқанда көптеген құ­қық қорғау органдары да менен «Бұл лаң­кестер қайда?» деп сұрады. Қоғамда да осын­дай сұрақ пайда болды. Бірден айта ке­тейін, лаңкестер өздерін террорист деп рес­ми түрде жариялаған жоқ. Олардың қира­тып-өртенгенін, әкімдікті алғанын – бар­лық әрекетін террористік акт деп есеп­тейміз және террорист деп санаймыз, – деді ол. Берік Асыловтың сөзінше, сол күні түр­лі ақпарат тараған және жауаптылар кейін­нен оларды тексеруден өткізіп, рас-өтірігін анықтаған. – Қаңтар оқиғасы басталғанда әртүрлі ақ­парат, ішінде жалған хабарлар да болды. Барлығы қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні басталды. Елестетіп көріңізші, бір уа­қытта 8 қалаға шабуыл жасалды, көптеген ныс­ан, әкімдік өртенді. Түрлі ақпарат кө­з­дері­нен түрлі хабарлама, дезинформация бол­ды. Сондықтан бас кесу туралы ақпарат­ты тексердік және бұл хабар расталмады, – деді Берік Асылов.

Азаптағандарға жаза бар

Қаңтарда адамдарды азаптаған қыз­мет­керлер туралы да қоғамда сұрақ көп. Бас прокурор олардың шеніне қарамастан тиіс­ті жазасын алатынын мәлімдеді. – Өкінішке қарай, хаос кезінде күштік органдардың бірқатар қызметкері ұстал­ғандарға қатыгездік танытты. Бұл жағдай­ды еш нәрсемен ақтауға болмайды. Прези­дент тапсырғандай, азаптау қолданған қыз­меткерлер шеніне қарамастан тиісті жа­засын алады, – деді ол. Берік Асыловтың айтуынша, азаптаулар туралы шағымдар бойынша барлығы 329 қыл­мыстық іс қозғалды. – Олардың басым бөлігі Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қарауында болды. Арнайы прокурорлар по­лиция мен Ұлттық қауіпсіздік комите­тінің 34 қызметкеріне қатысты істі тергеді. Алматы облысының полиция ғимаратында 24 адамды азаптау фактілері туралы істер сотқа жолданды. Сондай-ақ Алматы қа­ла­сының уақытша ұстау изоляторында және Бостандық ауданының полиция бөлімінде 3 адамды азаптау фактісі бойынша істер де сотқа жолданды, – деді Бас прокурор. Оның айтуынша, азаптау салдарынан Тал­дықорғанда Мұқашевтың, Алматыда Өтепбаевтың, Семейде Жотабаевтың қай­тыс болу фактілері бойынша тергеу аяқ­тал­ды. Материалдар бойынша таныстыру жүр­геннен кейін, құжат сотқа жолданған. Жиында бұдан бөлек тағы да бірқатар сұрақ­қа жауап берілді. Сонымен қатар Бас про­куратура, Ішкі істер министрлігі және Қор­ғаныс министрлігі Мәжілісте ар­найы көрме ұйымдастырды. Көрмеге был­тыр қаңтарда Полиция департа­мент­тері­нен, қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қару мен оқ-дәрі және басқа да заттар қойы­лыпты. Бұл қару-жарақтың барлығы жап­пай тәртіпсіздікке қатысқан адамдар­дан тәркіленген екен.

 width=Абзал ҚҰСПАН, заңгер:

Бір жыл бойы «Қасіретті қаңтар» оқиғасын зерттеумен айналысып жүрміз

– Әу баста стихиялы түрде басталған ми­тингтің арты жап­пай тәртіпсіздікке ұласты. Халық Маңғыстау облысындағы жаңаөзендіктерді қолдаймыз деп шықты. Бірақ ұйымдас­тыру­шылар осыдан кейін іске кірісті. Айталық, 3 қаңтарда Маң­ғыстау өңірінде митингілер басталған болса, сол кезде ұйым­дастырушылар дайындық са­тысына көшті. Кейін 4 қаңтарда әр өңірде халық жаппай митингке шығып жатты. Мысалға, Оралда таңертеңгі сағат 10-нан кейін «Дина» сауда орталығы алдынан бас­талды. Басқа өңірлерде түстен кейін баста­лып жатқанда, ұйымдастырушылар ми­тинг­ке қатысушылар арасына кіріп үлгерді. Тек­серу барысында барлық жердегі «қол­таң­баның» бірдей екенін байқадық. Барлық орын­­да айтылатын ұран да – біреу, жергі­лік­ті әкімдікті, одан кейін жергілікті ішкі істер департаментін басып алу. Оралда да «Әкім­дікті басып алайық» деген 30-40 шақ­ты адам­ның ұйымы болды. Онда қаты­су­шы­лар саны бес мыңға жетті, бірақ біз он­дай арандатуға жол берген жоқпыз. Бас­қа өңірлерде де осындай жағдай болды. Ал­маты мен Оралдың ара­қашықтығы 3 000 шақы­рым болса, осы аралықтағы барлық өңір­де ұйымдастырушылар бір сценарий­мен жұмыс істеді. Бұл жерде алдын ала ұйымдастырды деген қате түсінік тумауы керек, жалпы алдын ала дайындық болған, икс (Х) сағаты туған сәтте іске кірісетін дайындықтан өткен топтар болған. Қазақ­станда жаппай митингтерге шыққан кезде ұйымдастырушыларды жедел іске қосқан деп есептеймін. Бір жыл бойы осы мәсе­лемен айналысқан адам ретінде бұл пікірім беки түсті. Бір жыл бойы біз сияқты басқа мә­селелерді ысырып қойып, отбасы, бала-ша­ғасын көрместен «Қасіретті қаңтар» оқи­ғасын зерттеумен айналысып жүрген бір­де-бір қоғамдық ұйымды білмейді екен­мін. Сондықтан бұл ойға қатты ұйыдым. Қаңтар оқиғасы бойынша тіркелген қыл­мыстық істердің саны 5 300-ден асады. Со­ның 1 600-ден астамы анықталды – аза­мат­тар қамауға алынып, тергеу жүргізілді. Рақымшылық 1,5 мыңнан астам адамға қол­данылуға тиіс. Бірақ олардың бәріне ам­нистия қолданылды дегенді білдірмейді. Негізі, менің есебім бойынша амнистия қолданылып, нақты бостандыққа шыққан адамдар саны жүзге жетпейді. Өйткені енді ғана заң қолданыла бастады. Тергеу бітпей жатыр. «Аманат» қоғамдық комиссиясының төра­ғасы ретінде біз бұл заңға алғаш­қы­лар­дың бірі болып бастама көтерген бола­тынбыз. Барлық жұмыс тобында болдық. Сол кезде мына амнистия қолданылған адамдар бұрын қай жерде жұмыс істеді, сол жерге қайтадан жұмысқа орналасу керек, әлеуметтік жағынан да қорғалуы керек деп атап өткен едік. Сол себепті де әлеуметтік-құ­қықтық жағынан қорғалуы керек және әлеу­меттік мәселелермен жергілікті ат­қару­шы орган айналысуы керек деген ті­ке­лей норма енгіздік. Нақты бір мысал келтірейін. Бізге жа­қында Алматы облысындағы бір мектепте мұға­лім болып істеген азамат хабарласты. Ол Қаңтар оқиғасына дейін денешынық­тыру пәнінен сабақ берген, кейіннен қамау­ға алынған. Тергеу жүргізіліп, оны жұмыс­тан шы­ғарып тастаған. Қайтадан барса, жұмысқа алмай жатыр екен. Әзірге біз осы заң­ның талап­тарын түсіндіріп, аудандық білім бөлімінің басшысына бұл азаматты қайтадан жұ­мысқа алу туралы хат жаздық. «Аманат» комиссиясының атынан жазып отырмыз ғой. Егер қанағаттандырылмайтын болса, онда әрі қарай сотқа беріп, алдырта­тын бо­ламыз. Өйткені заңға осы норманың енгізілуіне тікелей атсалысқанбыз. Қорыта айтқанда, Қаңтар оқиғасының мән-жайы әлі де бұлыңғыр. Барлығы айқын, анық болатын күнді тағы да уақыт еншісіне қалдырамыз. Не десек те, бұл оқиға елдігіміз сынға түскен, қоғамдағы түйткілдер мен мәселелерге баса назар аударуымыз керек екенін танытқан дабыл белгісі болды.