Трамп инаугурацияға қатысу үшін Вашингтонға келді

Трамп инаугурацияға қатысу үшін Вашингтонға келді

Трамп инаугурацияға қатысу үшін Вашингтонға келді
ашық дереккөзі
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп инаугурацияға қатысу үшін Вашингтонға келді. Президентті ұлықтау рәсімі жұма күні өтеді. Трамп ұшағы АҚШ астанасына жақын маңдағы Эндрюс авиабазасына қонды.
Вашингтонда жұма күні Дональд Трамп пен Майк Пенстің президент және вице-президент қызметтерін бастау салтанаты өтеді. Ұлықтау рәсіміне президент қызметін аяқтаушы Барак Обама мен вице-президент Джозеф Байден, Трамптың отбасы мүшелері қатысады. АҚШ-тың бұрынғы президенттері - Джимми Картер, кіші Джордж Буш, Билл Клинтон инаугурацияға келетіндерін растады. Трамптың президент сайлауындағы қарсыласы Хиллари Клинтон да ұлықтау салтанатына қатысады. Үлкен Джордж Буш пен оның жұбайы денсаулық жағдайына байланысты салтанатты жиынға келе алмайды. Шамамен 28 мың полиция қызметкері Вашингтон орталығындағы қауіпсіздікті қадағалайды.