Жаңалықтар

Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясында ұйымдастыру жиынын өткізді

ашық дереккөзі

Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясында ұйымдастыру жиынын өткізді

Бүгін өткен осы жылдың алғашқы ұйымдастыру жиыны барысында «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партия аппараты алдындағы бірқатар міндетті атап өтті. Жиынға бейнеконференция байланысы арқылы партияның өңірлік филиалдарының өкілдері қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Жиын барысында «AMANAT» партиясының Төрағасы осыған дейін Атқарушы хатшы қызметін атқарған Асхат Ораловқа сапалы жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ Ерлан Қошанов ұжымға жаңа Атқарушы хатшыны таныстырды. Ол Елнұр Бейсенбаевтың саяси ұйымның, әсіресе, жаңа жағдайда алдына қойылған маңызды міндеттерін жүзеге асыру үшін тәжірибесі мен біліктілігі жеткілікті екенін атап өтті.