Ұлттық қорға түскен табыс шығыннан асып түсті – Қаржы министрлігі
Ұлттық қорға түскен табыс шығыннан асып түсті – Қаржы министрлігі
2022 жылдың қорытындысы бойынша, ұлттық қорға мұнайдан 6,4 трлн теңге табыс түскен деп хабарлады turkystan.kz ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.
Мысалы, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, ұлттық қорға мұнай-газдан 2,6 трлн теңге түскен.
2022 жылдың 1 қаңтарында ұлттық қор қаражаты 28 трлн теңге болса, 2023 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша – 28,6 трлн теңге немесе $61 млрд.
Ұзақ жылдар бойы алғаш рет түсім (6,5 трлн теңге) шығыннан (4,6 трлн теңге) асты.
Тіпті, теріс кіріс (минус 1,4 трлн теңге) жыл бойынша қорытынды санға әсер еткен жоқ (плюс 613 млрд теңге).
Мысалы, бір жыл бұрын жиынтық табыс 1,7 трлн теңге (плюс) болып, шығын 1,4 трлн теңгені (минус) құраған еді.