Қазгидромет ескерту жасады: бірнеше өңірге қауіп төніп тұр

6 қаңтар, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Қазгидромет ескерту жасады: бірнеше өңірге қауіп төніп тұр Синоптиктер күн райының жылынуына байланысты ескерту жасады деп хабарлады turkystan.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, алдағы 6-8 қаңтар аралығында Түркістан және Жамбыл облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. Соған байланысты аталған аймақтардың таулы аудандарында беткейден еріген қар суы ағады және өзендерде су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр.