Шымкент тұрғындарына жер сілкінісі сезілген
Шымкент тұрғындарына жер сілкінісі сезілген
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz
Жер сілкінісі 5 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 20:25 кезінде орын алған.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 859 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 14,4. MPV магнитудасы – 6,6. Тереңдігі – 200 км. МSК-64 бағаны бойынша Шымкент қаласында 2-3 балл шамасында сезілген.
«Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат тіркелмеді» деп мәлімдеді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.