Бартоғайда қар құрсауында қалған адамдар құтқарылды

Бартоғайда қар құрсауында қалған адамдар құтқарылды

Бартоғайда қар құрсауында қалған адамдар құтқарылды
ашық дереккөзі
Бартоғай су қоймасындағы қар құрсауында қалған барлық адам эвакуацияланды деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдай министрлігіне сілтеме жасап. «Қар құрсауында қалған адамдар мен техниканы эвакуациялау жұмыстары бүгін сағат 9.40-та Батанға жетпей 23-25 км аралығында түскен үш қар көшкіні қиындатты. Жалпы, авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінен, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Полиция департаментінен, облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан, жергілікті атқарушы органдардан, еріктілерден 85 адам мен 38 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада. Туыстары эвакуацияланған адамдарды Түрген экопостында ұйымдастырылған жедел штабта қарсы алды.