Түркістан облысында жоғалып кеткен 12 адам табылды

Түркістан облысында жоғалып кеткен 12 адам табылды

Түркістан облысында жоғалып кеткен 12 адам табылды
ашық дереккөзі
Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен 12 адам табылды деп хабарлады turkystan.kz. Барлығы бір отбасының мүшелері екені белгілі болды. Олар 31 желтоқсан күні қойшы ауылдағы өз үйлеріне демалуға барған. Екі күн бойы болған қатты боран салдарынан жолдардың барлығы жабылғандықтан,  кері қайта алмай қалып қойғаны анықталды. 3 қаңтар күні отбасы мүшелері үйге оралмағандықтан, үйде қалған отбасы мүшесі оларды іздеу қажеттігін айтып құтқарушыларға хабар берген. Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы құтқарушылары мен өтімділігі жоғары техникасы, ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды. Құтқарушылар мүгедек әже мен екі қызды Түркістан қаласына эвакуациялады. Әжеге медициналық көмек қажет болған жағдайда, бұл жерге медицина қызметкерлерінің жетуі қиын болатын еді. Қалған 9 отбасы мүшесі ауылдағы үйде қалды. Олар эвакуациядан бас тартып, жол ашылған соң үйлеріне оралатынын айтты.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 🇰🇿🚒ҚР ТЖМ, МЧС РК (@tjm_mchs)