Жаңалықтар

Серік Күдебаевтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалған

ашық дереккөзі

Серік Күдебаевтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалған

Алматы облыстық Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалған деп хабарлады turkystan.kz. «Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі 1,3,4 тармақтары және 362-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалған. Бұл - азаптау және билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактілері», - деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров. Сот өкілі Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал 146-бабы 2-бөлігі (3-7 тармақтары) бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін соттау және үш жылға дейін қандай да лауазым атқару құқығынан айыру қарастырылғанын нақтылады. Айта кетейік, бүгін Талдықорғанда Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі басталды. Еске салсақ, Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын.