Жаңалықтар

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері тағайындалды

ашық дереккөзі

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері тағайындалды

Мырзағали Айтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткендей, М.Айтжанов команда басшысы қызметінен өз еркімен кеткен Қайрат Сәтжановты алмастырды. Мырзағали Айтжанов – Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы.