Үкіметтік емес ұйымдарға бөлінетін грант көбейді

Үкіметтік емес ұйымдарға бөлінетін грант көбейді

Үкіметтік емес ұйымдарға бөлінетін грант көбейді
ашық дереккөзі

Үстіміздегі жылы үкіметтік емес ұйымдарға бөлінетін грант саны артты. Грант санын арттыру үшін мемлекет қазынасынан 617 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Биылғы жылы бөлінген қаражат өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артық. Мәселен, 2016 жылы 200 миллион теңге болатын 11 жобаға қаржылай қолдау көрсетілсе, биыл олардың саны 50-ге дейін артқан.

«Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы» басқарма төрағасының айтуынша, байқауға 150-ден астам үкіметтік емес ұйым қатысуға ниетті. Ал байқауға қатысу үшін ақпанның екісіне дейін кез келген үміткер құжат тапсыра алады. Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байқаудың қорытындысы наурыз айының соңында жарияланатын болады. «Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев: «Ол былтырғыдай 11 бағытқа бөлінген. Бірақ былтыр 11 бағыт бойынша 11 грант ғана болса, биыл 11 бағытта 47 грант көздеп отырмыз. Оның ішінде  мына балалар құқықтарын қорғау, жастарды қолдау, дінге байланысты, дінге қатысты өзекті мәселелер бар», – дейді.