24 адамды азаптаған: «Дикий Арман» туралы тың деректер айтылды

24 адамды азаптаған: «Дикий Арман» туралы тың деректер айтылды

24 адамды азаптаған: «Дикий Арман» туралы тың деректер айтылды
ашық дереккөзі
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасында Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің қандай қылмыс жасағанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«2021 жыл бойы, жасырын түрде радикалды шара қолдану үшін орындаушыларды дайындау жүргізілгенін ғана айта аламын. Орындаушылардың қатарында ұйымдасқан қылмыстық топтар болған. Олар адамдарды жинап, қаруландырған, рация және көлік сатып алған. Тергеу анықтағандай, осы әрекеттердің басында күш құрылымдарының жекелеген өкілдері тұрған. Мысалы, тергеу нұсқасы бойынша, Алматыда Жұмагелдиев ерекше рөл атқарған», - деді Берік Асылов.

Оның әрекетін ҰҚК-дегі кураторы үйлестіргені анықталды. Ол тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, адамдар тобын басқаруды өз қолына алып, билікке бұлтартпас талап қою үшін «халық кеңесі» дегенді құруға тиіс болған.

Оған Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты, сондай-ақ қылмыстық топтың белсенді мүшесі Махатов көмектескен, ол Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйіне келуші бандиттерді қаруландырған.

«Алайда олар жаппай наразылықты басқара алмады. Халық оларға ерген жоқ. ҰҚК-нің бұрынғы төрағасының ұсталғаны туралы ақпарат алған соң, кейін өзін ақтап алу үшін мародерлермен күресті желеу етіп, содырларға қала тұрғындарына шабуыл жасау тапсырылған. Сол үшін 6 қаңтарда олар қаланың әр жерінен 24 кездейсоқ адамды ұрлап кеткен, сосын «Ritz Carlton» және «Қазақстан» қонақүйлерінің паркингінде оларды ұрып-соғып, ұстап отырған. Кейін оларды қаланың шетіне апарып, ҰҚК қызметкерлерінің қарулы күзетімен контейнерде түнеткен. Сосын оларды әуежайға жеткізген, сол жерде Өтепбаев азаптаудан қайтыс болған. Осы фактілер бойынша тергеуді аяқтадық. Қазір құжаттар қаралуда», - деді Бас прокурор.