Боранды күні жоғалған 6 адам табылмай жатыр – ТЖМ

Боранды күні жоғалған 6 адам табылмай жатыр – ТЖМ

Боранды күні жоғалған 6 адам табылмай жатыр – ТЖМ
ашық дереккөзі

Кіші Киік қыстауынан белгісіз бағытта шыққан 1964 жылғы шопан төрт күннен бері іздестіріліп жатыр. Ал 1978 жылғы шопан Тоба қыстауынан мал іздеуге шығып, оралмаған деп хабарлады turkystan.kz.

2 қаңтар күні 1987, 1996, 1993 жылы туған азаматтар Қарсақпай ауылынан Бірмаш қыстауына қарай көлікпен шығып, байланысқа шықпаған.

Қарағанды облысы Қарғалы ауылынан 31 желтоқсанда атпен белгісіз бағытқа шығып, оралмаған 1981 жылы туған азамат та әлі табылған жоқ.

Іздестіру жұмыстарына ТЖМ құтқару аваиациясын іске қосу жоспарланып жатыр. Мамандар қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескертулерге назар аударуды ескертеді.