Оралов желіде жаңа қызметі жайлы жазба жариялады

Оралов желіде жаңа қызметі жайлы жазба жариялады

Оралов желіде жаңа қызметі жайлы жазба жариялады
ашық дереккөзі

Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалған Асхат Оралов Мемлекет басшысының білдіріп отырған сенімін ақтап, халықпен бірлесе жұмыс атқаруы қажет екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Министрлік алдағы уақытта ауқымды істерді қолға алуға тиіс. Мәдениет пен спорт саласының әр отандасымыздың күнделікті тұрмысы мен өмірінде ерекше орны бар. Сондықтан оның маңыздылығы қашан да жоғары. Мемлекеттің басты мақсаты -  рухани және мәдени дүниесі толық әрі денсаулығы мықты ұлт қалыптастыру» деп жазды министр.

Сонымен қатар Оралов Мемлекет басшысының министрлікке туризмді, бұқаралық спортты және мәдениет саласын дамыту жөнінде бірқатар тапсырма бергенін айтты.

«Осы орайда, министрліктің жұмысын жетілдіру және өркендету жолында айтар ұсыныстарыңыз болса, сіздермен пікірлесуге әрқашан дайын және әріптестікке ашық екенімізді жеткізгім келеді.

Мәдениет - ұлттың айнасы. Спорт -  ұлт денсаулығы және мемлекет дамуын көрсететін басты белгілердің бірі. Сондықтан осы екі саланы қатар дамыту біз үшін аса маңызды.

Біз төл мәдениетін ұлықтап, оны әлемге таныта білетін және  спорт саласы аса жоғары деңгейде дамыған елдердің қатарында болуымыз қажет», - деді ол.