Мемлекеті бай, халқы кедей қоғамға айналдық – Ерлан Саиров

Мемлекеті бай, халқы кедей қоғамға айналдық – Ерлан Саиров

Мемлекеті бай, халқы кедей қоғамға айналдық – Ерлан Саиров
ашық дереккөзі
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Мәжіліс отырысында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Қасіретті қаңтар оқиғасының бір тамыры өткен саяси толқында жатыр. Мемлекет құрдық, астанамызды салдық, еліміздің шекарасын шегендедік. Бұл рас! Дегенмен, 30 жыл ішінде әділеттік принциптерін аяққа басу, өткен ұрпақтың маңдайтерімен жасалған ұлттық байлықты әділетсіз бөлу фактілері болды. Олигархтарға «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа болмады. Әлемдік банк есебі бойынша, Қазақстан халқының 15 пайызы - кедей. 30 жылдың ішінде мемлекеті бай, халқы кедей қоғамға айналдық. Ескі жүйенің әлеуметтік-әділетті фактілері, халықты саясаттан шеттету тендециясы мемлекетті, қоғамды Қасіретті қаңтарға итермеледі, – деді депутат.