Жаңалықтар

Түркістан облысының тауларында 12 адам жоғалып кеткен

ашық дереккөзі

Түркістан облысының тауларында 12 адам жоғалып кеткен

Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен 12 адам іздестіріліп жатыр деп хабарлады turkystan.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, бүгін сағат 10:00-де Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданының Байжансай тауына екі автокөлікпен жолға шыққан адамдардың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары мен өтімділігі жоғары техникасы жұмылдырылды. Ауа райына байланысты ТЖМ тікұшағын жұмылдыру жоспарланып отыр. Жоғалған адамдар соңғы рет 3 қаңтарда сағат 16:00-де туыстарымен байланысқа шыққан болатын. Өтініш иесінің айтуынша, олар 3 қаңтарда Шымкент қаласына қайтуға тиіс болған.