Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды
Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды
Руслан Желдібай ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.
«Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», - делінген Жарлықта.
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.
2012-2018 жылдары «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер болған.
2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы лауазымын атқарған.
2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.
2020-2022 жылдары Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2022 жылғы ақпаннан бастап Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
2022 жылғы 14 сәуірден бері ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарып келді.