Жаңалықтар

Зерендіге шаңғы тебуге барған 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды

ашық дереккөзі

Зерендіге шаңғы тебуге барған 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды

Зерендідегі тау шаңғысы базасында астаналық 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz Ақмола облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, биылғы жылғы қаңтардың 2-сінде сағат 17:25-те Зеренді аудандық ПБ кезекші бөліміне шаңғы базасының менеджері хабарласып, Садовое ауылынан 10 км қашықтықта шаңғы жолында Астана қаласының 2006 жылғы тұрғыны қайтыс болғандығын айтқан. «Анықталғандай, жасөспірім ата-анасымен бірге шаңғы базасына демалуға келген. Шаңғы жолымен төмен сырғанап бара жатқан жасөспірім ағашқа соғылып, сол жерде көз жұмған. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша («Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету») сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.