Өзін жайсыз сезінген: Қапшағай су қоймасындағы балықшыға көмек көрсетілді

Өзін жайсыз сезінген: Қапшағай су қоймасындағы балықшыға көмек көрсетілді

Өзін жайсыз сезінген: Қапшағай су қоймасындағы балықшыға көмек көрсетілді
ашық дереккөзі

Қапшағай су қоймасында балық аулауға шыққан азамат өзін жайсыз сезініп, құтқарушылардан көмек сұрады, - деп хабарлады turkystan.kz. 

Шақырту орнына жеткен Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері балықшыны жағаға шығарып, оған медициналық көмек көрсетті.

«4 қаңтар күні сағат 15:41-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне 103 кезекші қызметінен 1973 жылы туған ер адамның ауырып қалғаны және оны тасымалдауда көмек қажет екені туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 бірлік техникасы дереу жөнелтілді» деп жазды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.