Назарбаев Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасын қабылдады

Назарбаев Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасын қабылдады

Назарбаев Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасын қабылдады
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Анатолий Смолин Мемлекет басшысына Жоғарғы Сот Кеңесінің 2016 жылы атқарған жұмыстары, сондай-ақ, "100 нақты қадам" жоспарының жүзеге асырылуы жайлы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа енгізілген ережелер мен заңдарға сәйкес, сапалы мамандарды іріктеуге қатысты жұмыстарда Жоғарғы Сот Кеңесінің маңызы зор екенін айтып өтті. Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Қазақстан Президентінің VII судьялар съезіне қатысты берген тапсырмаларының қалай орындалғанын айтып өтті. Кездесу соңында Мемлекет басшысы сот жүйесіндегі кадр мәселесін жетілдіруге қатысты жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.